2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.
Сайрам ауданындағы 5 ауыл табиғи газға қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Сайрам ауданында табиғи газ қосылған елдімекендер саны артты. Бүгін аудандағы 16 елдімекеннің бесеуі табиғи газбен қамтылды.
Қайнарбұлақ ауылдық округі Қасымбек датқа елдімекеніне аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы арнайы барып, газ құбырын іске қосу шарасына қатысты.
Енді Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын берілді. Аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалы арасында газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін келісімшарт түзілді.
Айта кетейік, Сайрам ауданы 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады.