ТҮРКІСТАН: Сарыағашта қырыққабат өнімі жиналып жатыр

0
79

Бұл өз кезегінде ішкі нарықты ерте көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта қырыққабат өнімі жиналып жатыр

Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылында ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімі жинала бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, ашық егіс алқабындағы жиын-терім жұмыстарымен танысты. Шаруалардың еңбегіне табыс тілеп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң бағасын берді.

Қазіргі таңда Жартытөбе ауылдық округінің диқандары әлеуметтік маңызы жоғары дақыл – қырыққабатты жинап, өнімді еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты ерте көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрама елді мекенінің тұрғыны Срайыл Бадалов – «Мухаммеджан» шаруа қожалығының иесі. Ол 0,25 гектар жерге қырыққабат егіп, жыл сайын шамамен 15 тонна өнім алуда.

Бөлісу