ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жалпы өңірлік өнім көлемі 43 пайызға өскен

0
397

Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жалпы өңірлік өнім көлемі 43 пайызға өскен

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кездесуде аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 43 пайызға өсіп, 2023 жылы 277 млн. теңгеге жеткені айтылды. Биыл 3 айда бұл көрсеткіш 48 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өскен. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 35 млрд. теңгені құрап, жоспар 9 млрд.теңгеге артығымен орындалды. 2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция тарту жоспары 37 млрд. теңге көлемінде бекітілген. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 47 пайызға өсіп, 2023 жылы 23 мыңға жетті. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі былтыр 136 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалды.


Кездесуде Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың есебінен кейін тұрғындардың өтініштері, сұрақтары тыңдалды. Сарыағаштықтар білім саласындағы жемқорлық, газбен қамту, ауыз су, пәтер, денсаулық сақтау, тазалық және өзге де салаларға қатысты мәселелерді көтерді.


Одан кейін облыс әкімінің жеке қабылдауы өтті. Оған басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының бастықтары қатысты. Мұнда да түйткілдер тарқатылып, арыз-шағымдар, өтініштер тыңдалды. Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі.