ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық оқушы тоңазытқыш сөрелерінен ойыншық көлік жасап шықты

0
659

Көліктің қаңқасын тоңазытқыштың жарамсыз сөрелерін кесіп, қажетті формаға келтіріп құрастырған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық оқушы тоңазытқыш сөрелерінен ойыншық көлік жасап шықты

Сарыағаштық оқушы тоңазытқыш сөрелерінен ойыншық көлік жасап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданына қарасты №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Мұсақұл Нуриддин қолдан ойыншық көлік құрастырып шығарды.


Көліктің қаңқасын тоңазытқыштың жарамсыз сөрелерін кесіп, қажетті формаға келтіріп құрастырған. Ішкі құрылысын батарейкаға тоқ сымдарын жалғау арқылы жасап шыққан. Көлік түймесін басу арқылы өздігінен жүреді. Оны әр түрлі жарық шамдармен сәндеп, әсемдеген.


Нуриддиннің ойыншық көлікті жасауға 1 апта уақыты кетіпті. Жетекшісі —Табылдиева Зухра. Әкесі — бұзылған тұрмыстық техникаларды жөндейтін ұста. Әкесінің қасында жүріп, қызығушылығы оянған. Жас өнертапқыш бүгінде тікұшақ жасауға кірісіпті.


Нуриддиннің мақсаты — болашақта табиғатқа зиянсыз, өзі мініп жүретін көлік жасап шығару.