ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғындар талап-тілегін жеткізді

0
135

Бұл мәселер бойынша жауапты мекеме басшылармен хабарласа отырып, ҚР заңдары аясында шешуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық тұрғындар талап-тілегін жеткізді

Сарыағашта депутат пен әкім орынбасары аудан тұрғындарын жеке қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттың депутаты Рахиев Уалихан Рысбекұлы және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Талипов Нұрполат Зайнилұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдады.


Қабылдауға аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, фракция жетекшісі Ибрагимов Шермат Бегматұлы және атқарушы хатшы Қыстаубаев Құдрет Ибадуллаұлы қатысты.


Қабылдауға келген Дарбаза елді мекенінің ауыл биі Б.Абдураймовауыз су бағасының жоғары екендігін айта отырып, шөлейт елді мекендерге құнын төмендетуді сұрады.


Бұл мәселе бойынша Уалихан Рахиев жазбаша өтініш жолдауын сұрап, депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.


Сондай-ақ, Дарбаза ауылдық округінің тұрғындары мал, егін шаруашылығымен айналысатындақтан өзекті мәселенің бірітөмен пайызбен берілетін несие жайлы сұрады.


Аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов алдағы уақытта шешімі болатындығын түсіндірді.


Құркелес ауылдық округінен келген тұрғындар үлес жер мәселесін және учаскелік жердің құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес сұрап келген.


Бұл мәселер бойынша жауапты мекеме басшылармен хабарласа отырып,ҚР заңдары аясында шешуді тапсырды.

Бөлісу