Жиында «Асыл қазына» әжелер тобы мен мәдениет өнерпаздары ән шырқады.
Сауран ауданында «Рәміздерім - елдігімнің қуаты» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Сауран ауданында «Рәміздерім - елдігімнің қуаты» атты мерекелік шара өтті. 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай аудан әкімдігі ұйытқы болған жиынға аудан әкімінің орынбасары м.а. С.Садыбаев, ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Т.Жанәділов, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.
Ұлық мейрам қарсаңындағы кеште Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік - арман біздің қол жеткізген» деген атпен кітап көрмесі қойылды. Жиында «Асыл қазына» әжелер тобы мен мәдениет өнерпаздары ән шырқады.
Сондай-ақ, Шорнақ жалпы орта мектебінде «Желбіре, көк туым, желбіре!» атты мерекелік шарасы өтті. Онда мектеп оқушылары көк туымызды желбіретіп ән шырқап, флешмоб биледі.
Шара барысында Сауран ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Мен туымды мақтан етемін» челленджін Кентау қаласы әкімдігінен қабыл алып, өңірдегі аудан, қала, ауылдық округтерге жолдады.