ТҮРКІСТАН: «Сауран» спорт клубы ел чемпионатында 3-орын алды

0
548

1 алтын, 1 күміс,1 қола медаль еншіледі.


ТҮРКІСТАН: «Сауран» спорт клубы ел чемпионатында 3-орын алды

Астана қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астана қаласында тоғызқұмалақтан тірек-қимыл апаратынан зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. 12-18 қыркүйек аралығындағы Елордадағы жарысқа облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары да қатысты. Ел чемпионатының нәтижесінде түркістандық параспортшыларға 1 алтын, 1 күміс,1 қола медаль бұйырып, командалық есепте 3-орын алды.


Атап айтқанда, тірек-қимыл апаратынан зақымдалған спортшылар арасында Қайсар Ергешбай чемпион атанса, Айдос Әмірәлі қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, көру қабілеті төмен спортшылар арасында Нұрлан Сембиев күміс медаль еншіледі. Жүлдегерлердің бапкерлері - Нұртас Оспанов және Анарбек Нұржанов.