Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуді насихаттау бағыттарында ұсыныстар жайы талқыланды.
Сауран ауданында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі комиссия мүшелерінің жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі комиссия мүшелерінің және уәкілдердің қатысуымен бала құқықтары жайлы жиналыс өтті.
Жиын барысында қоғам мәселесіне айналған бала тәрбиесі, баланың сабаққа деген ынтасын арттыру, бала психикасымен жұмыс жасау жолдары талқыланды. Сонымен қатар, үйде отырған аналардың жиі күйзеліске ұшырауы, және оның салдары мен қалай шығу жолдарына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Қоғам дертіне айналған отбасыда зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектер мен жаөспірімдерді дерттен айықтыру мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, балалар тап болатын қауіп-қатер түрлері мен оны жою жолдарына қатысты бірнеше ұсыныстар құру, сондай-ақ кәсіп ашқысы келетін әйелдермен ауданның кәсіпкер қыз-келіншектері арасында тәжірибе алмасу, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие жайлы бірқатар ұсыныс тілектер айтылды.
Салт-дәстүріміз жастар арасында дәріптеу көпті көрген ақ жаулықты әжелерімізден сабақ алу керектігі дөп басып айтылды. Ел үмітін ақтайтын саналы ұрпақ қалыптастыру басты мақсат екендігін жеткізді коммисия мүшелері.
Жиын соңында шараға қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, ұрпақ үшін келер қауіпке қарсы тұру, қазіргі қоғамдағы балалардың тәрбиесін жақсарту, психологиямен арнайы жұмыс жасау, бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуді насихаттау бағыттарында ұсыныстар жайы талқыланды.