ТҮРКІСТАН: Сауранда сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр

0
353

Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты.


ТҮРКІСТАН: Сауранда сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр

Сауранда «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде.


«AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» науқаны аясында тазалық жұмыстары «Түркістан-Шымкент» бағытындағы магистральді автомобиль жолының бойында жалғасын тапты.


Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен «Жасыл Сауран» қызметкерлері және ауылдық округ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты.


Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты. Онда жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштар суарылды. Ретсіз өскен шөптер алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды.