ТҮРКІСТАН: Сауранда таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
543

36 елді мекеннің 88,9% ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.


ТҮРКІСТАН: Сауранда таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сауран ауданында таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары аясында ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ елді мекендеріндегі ескі су жүйелері жаңартылып, тозығы жеткендері толығымен ауыстырылуда. Бүгінде ауданда 12 ауылдық округке қарасты 36 елді мекеннің 88,9% (100,5 мың адам) орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.


Осы орайда Сауран ауданында ауыз су тапшылығын шешу мақсатында 2023 жылы 268 тұрғыны бар Ойық елді мекеніне республикалық бюджеттен қаржы қаралып, ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр.


Одан бөлек, Ескі Иқан елді мекенінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Иқансу-Қытай кен орнының жерасты суларынан» Ø-250 мм магистральді су құбырын тартуға бір нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін 2024 жылға Республикалық бюджетке ұсынылған.


Сондай-ақ, жобалаушы мекемемен меморандум арқылы аудандағы С.Қожанов, А.Үсенов, Мәшһүр Жүсіп, Еңбекші Дихан, Ораңғай, Абай елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз және құбырларын жаңартуға жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан бөлек, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.


Айта кетсек, ауданда 2023 жылы Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендеріне жаңадан қоныстанған және ауыз су құбыры жүргізілмеген аумақтарына бюджеттен қаржы қаралып, жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға жолданды.