Бұдан бөлек, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін қолға алған.
Сауран ауданында жаңбырлатып суару машиналары шығарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығарылуда. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы. Іргелі өндіріс орнына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, журналистер аталған ауылдық округте орналасқан «Ақниет Холдинг» Мүгедектор қоғамының зауытына барды. Онда тұрақты жұмыс істейтін 100 адам әскери шатыр өндірісімен айналысады. Бұдан бөлек, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін қолға алған.
БАҚ өкілдерінің келесі барған нысаны - Қарашық ауылдық округіндегі «Дильназ» шаруашылығы болды. Жылыжайда жыл бойы түрлі үй және көше өсімдіктері өсіріледі. Олардың қатарында раушан, лотос, шырайгүл, шырша, жеміс ағаштары бар. Жайқалған гүлдерге сұраныс көп. Алыс-жақын қалаларға жеткізу қызметі де қолға алынған. Кәсіпкер Дильназ Омарова гүлді суаруда заманауи технологияларды қолданып келеді. Қазіргі таңда жылыжайда ауыл тұрғындары жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер бөлме гүлдерін отырғызатын керамикалық ыдыстар мен түрлі мүсіндер дайындайды.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Шорнақ ауылдық округіндегі «TAK Mebel» жиһаз кәсіпорнына аялады. Жылына 12 000 дана өнім өндірілетін цехта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы жиһаздарға сұраныс жоғары. Жиһаз өнімдері сапа менеджменті сертификатпен расталған.