ТҮРКІСТАН: Сауранда жиһаз цехы өртенді

0
83

Жану аумағы шамамен 1300 шаршы метрді құрады.


ТҮРКІСТАН: Сауранда жиһаз цехы өртенді

ТЖМ қызметкерлері жиһаз цехындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы, Сауран ауданында жиһаз цехында өрт орын алды.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың қарқынды жануы байқалды. Өртке жоғарылатылған ранг беріліп, оны жою жұмыстары ұйымдастырылды.

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды. Барлығы 110-нан астам жеке құрам және 22 бірлік техника тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Жану аумағы шамамен 1300 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу