Қазақстан құрамасы 1-орынды жеңіп алды.
Шардара спортшылары әлем чемпионатында 19 медаль еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Шардара спортшылары үлкен жетістікке жетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетсе, оның ішінде шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленіп, әлемдегі ең мықты құрама екенін тағы да дәлелдеді.
Бұл жеңістер – “Шардара Армспорт” спорт клубының жүйелі жұмысының жемісі. Аудан спортшылары тек республикалық емес, халықаралық деңгейдегі жарыстарда да тұрақты түрде жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-орынды жеңіп алды.
Шардаралық спортшылардың мұндай жоғары нәтижесі – жаттықтырушылар еңбегі мен спортшылардың қажырлы дайындығының арқасы.