ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқан нарыққа 400 тонна пияз шығарды

0
367

5 гектарынан алғашқы өнімін жинаған.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқан нарыққа 400 тонна пияз шығарды

Шардаралық диқан 400 тонна пиязды сатылымға шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардаралық диқан «Тұрар» шаруақожалығының иесі Юрий Ан өзінің 33 гектар пияз алқабының 5 гектарынан алғашқы өнімін жинап, 400 тонна пиязды сатылымға шығарды. Шаруа қожалық 33 гектар аумаққа 8 түрлі пияз сортын егіп, тамшылатып суғару әдісі арқылы мол өнім жинап отыр.


«Тамшылатып суғару әдісімен 1 сағатта 1 метр жерге - 1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетіп ысырап болады. Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясы – өнімнің молдығына да әсер етеді», - дейді шаруа қожалық иесі Юрий Ан.


Сонымен қатар, егістік маусымында аталған шаруа қожалық 100-ге жуық адамды маусымдық жұмыспен қамтиды. Кәсіпкер күзге дейін пияз алқабынан 3 000 тоннаға жуық өнім алу алуды жоспарлап отыр. Пияз өніміне деген сұраныс негізінен Ресей, Беларусь елдерінен түседі.