ТҮРКІСТАН: "Sitcen" жүйесі оң нәтиже көрсетіп жатыр

0
702

Жұмысқа орналасудағы жемқорлық фактілері азайған.


ТҮРКІСТАН:

Білім саласында жаңа жүйе іске асырылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістандағы білім саласында іске асқан жаңа "Sitcen" жүйесі өз нәтижесін беріп келеді. Жоба арқылы мамандардың жұмысқа орналасуындағы жемқорлық фактілері азайған.

Ал, қазірде осы жоба баламасы ретінде қаламызда "Темір-Түркістан" жүйесі жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты - жұмысқа тұру аясында жемқорлыққа жол бермеу. Жүйе арқылы Түркістан қаласының мектептеріндегі бос жұмыс орындарына жұмысқа тұруға болады. Жұмысқа тұру электронды түрде жүргізіледі және кіші қызметкерден бастап, мектеп директорының орынбасарлығына дейін қамтиды.

Порталдан жұмыс табу үшін, алдымен, жұмыс іздеуші порталға кіріп, маман іздеп жатқан мектепке өтініш жібереді. 15 күннен кейін мектеп үміткерді телефонына смс жіберу арқылы әңгімелесуге шақырады.

Конкурсқа қатысушыға жауап ұялы телефонына хабарлама арқылы келеді.

Арнайы комиссия қойған сұрақтарға сүрінбей жауап бергендер конкурс жеңімпазы атанады. Комиссия тізіміне блогерлер, журналистер, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар, қоғамдық ұйым өкілдері және бөлім мамандары бар. Конкурсқа комиссия мүшелерін де компьютер өзі таңдайды.

Қазіргі сәтке дейін портал арқылы 83 бос жұмыс орындары жарияланып, 137 адам конкурсқа қатысқан. 19 әңгімелесуде, 10-нан астам маман жұмысқа тұрған. Әрбір әңгімелесу кезеңі бейнежазбаға арнайы жазылып, порталға ашық жарияланады.