ТҮРКІСТАН: Соңғы бір айда 423 науқас өкпе қабынуынан емделіп шықты

0
832

7749 науқас өкпе қабынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылып, олардың бәрі тегіс ауруынан толық айығып шыққан.


ТҮРКІСТАН: Соңғы бір айда 423 науқас өкпе қабынуынан емделіп шықты

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 164 науқас ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында «COVID-19» індетіне шалдыққандарды оқшаулауға арналған 270 орын бар болса, бүгінде 164 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың дені коронавирус індетін жұқтырып немесе жұқтырғандармен тығыз қарым- қатынаста болып, ем қабылдап жатқандар. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетова мәлім етті.

Басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, бұдан бөлек, коронавирус індетіне ұқсас белгілері бар ауруға шалдыққандарды қабылдайтын қосымша 885 адамға арналған орында бүгінде 962 адам ем-дом қабылдауда. Бір қуанарлығы, олардың басым көпшілігінде коронавирус дерті анықталмаған. Яғни пневмония, ЖРВИ секілді детке шалдыққандар.

Сондай-ақ, Түркістан облысында 124 жедел жәрдем бригадасы күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеуде. Айта кетейік, өткен жылдың бес айында облысымызда өкпе қабыну дертімен 9735 адам науқастанып, жазылып шыққан. Ал 2020 жылдың 5 айында 7749 науқас өкпе қабынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылып, олардың бәрі тегіс ауруынан толық айығып шыққан. Үстіміздегі жылдың 22 маусымына дейінгі дерек бойынша 461 науқас осы дертпен ем қабылдап жатса, соның 423-і айығып шыққан.