ТҮРКІСТАН: Сот төрағасы жаңа заңнамада реттелетін қатынастар жайлы айтты

0
811

Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.


ТҮРКІСТАН: Сот төрағасы жаңа заңнамада реттелетін қатынастар жайлы айтты

Жаңа Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шілде айына күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің мақсаты - азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау. Бәйдібек аудандық сотының төрағасы Е.Қарақұловтың айтуынша, Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып саналады.

Мемлекеттік органдардың осы Кодексте көзделген ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігінде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;

2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің;

3) Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Аппараттарының;

4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары Кеңселерінің;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің;

6) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары аппараттарының;

7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік және әкімшілік-процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып саналады.