ТҮРКІСТАН: Созақта 150 шақырымнан аса жолға асфальт төселіп жатыр

0
757

Өткен жылы аудан бойынша 34,1 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт төселген.


ТҮРКІСТАН: Созақта 150 шақырымнан аса жолға асфальт төселіп жатыр

Созақта облыстық маңызы бар 150 шақырымнан астам жолға асфальт төселуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аймақ басшысы Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында асфальт жабындысы төселіп жатқан көшелерді аралап, жұмыс барысымен танысты. Айта кетейік, биылғы жылы аудан орталығының 5 шақырымға жуық ішкі көшелеріне асфальт төселіп, бірқатар көшелердің ажары арта түспек. Өткен жылы аудан бойынша 34,1 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт төселген. Сондай-ақ, 22,4 шақырымды құрайтын 18 көше «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ал 1,6 шақырымдық 11 көше жергілікті бюджет есебінен жол төселген. Нәтижесінде Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі жолдары 100% асфальт жолмен қамтылған. Бұл бағытта жұмыстар биылғы жылы да қарқын алып, елді мекендердің ішкі 34 көшесіне асфальт жабындысы төселмек.


Сондай-ақ аудан аумағынан өтетін облыстық маңызы бар күре жолдардың да жөндеу жұмыстары жалғасуда. «КХ-2 Ұланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейін 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымы, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» жолының Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі 39 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары биыл толық аяқталады деп жоспарлануда.


Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 435 шақырымы - облыстық маңызы бар жолдар, 79 шақырымы - аудандық маңызы бар жолдар, 403 шақырымы - елді мекендердің ішкі жолдары.