"Қызыл-Жар" футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

0
75

Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.


фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. "Қызыл-Жар СҚ" футбол клубының" бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Ол жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.
"Қызыл-Жар" футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.

"Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен", - деп жазылған хабарламада.

Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.