ТҮРКІСТАН: Су шайған қалажұрт зерттеледі

0
739

Плотина тұрғызылғаннан кейін көп бөлігі су астында қалған.


ТҮРКІСТАН: Су шайған қалажұрт зерттеледі

Шардарадағы су шайған қалажұрт зерттеледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық қазметкерлері, Шардара ауданының өлкетану музейінің мамандары, аудан әкімдігі басшылығы және академик Б.Байтанаев бастаған археологтар тобы Шардара суқоймасы шайып жатқан Ақтөбе-1 қалажұртында (VI-XIII ғ.ғ.) болды.


Ақтөбе-1 қалажұрты (VI-XIII ғ.ғ.) Шардара қаласынан оңтүстік-батыс бағытта, 4-5 шақырым қашықта, суқойма жағасында орын тепкен. Шардара бөгеті тұрғызылғанға дейін Сырдарияның ескі арнасының бойында тұрған. Су қоймасы салынар алдында 1951 жылы Г.Пацевич пен Е.Агеевтердің археологтар тобы зерттесе, 1959-63 жылдары М.Мерщиевтің жетекшілігіндегі "Шардара экспедициясы" қазба жұмыстарын жүргізген.


Плотина тұрғызылғаннан кейін археология ескерткішінің көп бөлігі су астында қалды. Жыл сайын күзгі уақытта суқоймадағы су тартылып, жағажайда көне қаланың біршама бөлігі құрғайды да, тарихи жәдігерлер жер бетінде қалады. Тараптар тарихи жәдігерлерді қорғауға алу, зерттеу, музейге тапсыру ісі жөнінде келісімге келді.