ТҮРКІСТАН: Суармалы жерді көбейту қарқынды жүріп жатыр

0
1 282

Ілкімді істер биылғы жылы жалғасын тауып, өңір диқандарының сұранысы қанағаттандырылуда.


ТҮРКІСТАН: Суармалы жерді көбейту қарқынды жүріп жатыр

Келес ауданында суармалы жерлерді көбейту мақсатында канал, қашыртқы жүргізу жұмыстары қарқынды жүруде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл елді мекенінде «Жамбыл» өндірістік кооперативі 80 гектар аумаққа қарбыз еккен. Отырғызылған 800 мың көшеттің әрқайсысынан 3,5-4 келі өнім алуға болады екен. Сонда жалпы өнім көлемі – 2,8 мың тоннаны құрамақ. Адамды тұрақты, 60 адамды маусымды жұмыспен қамтып отырған бұл кооператив өнімін отандық нарық пен Ресейге жөнелтуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Келес ауданында суармалы жерлерді көбейту мақсатында канал, қашыртқы жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңір аумағындағы каналдар мен қашыртқылардың көпшілігі Келес өзенінен тарайды. Одан бөлек, көрші Өзбекстан Республикасымен және Сарыағаш ауданынан келетін су жүйелері бар.

Айта кетсек, 2019 жылы жалпы ұзындығы 120 шақырымдық 28 канал мен 10 қашыртқы су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген. Сол ілкімді істер биылғы жылы жалғасын тауып, өңір диқандарының сұранысы қанағаттандырылуда. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайтын 13 каналға механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес, ұзындығы 117,6 шақырымдық 24 канал мен қашыртқыларға тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.