ТҮРКІСТАН: Суару каналына құлап кеткен кішкентай бала құтқарылды

0
955

2 жасар бала құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалған.


ТҮРКІСТАН: Суару каналына құлап кеткен кішкентай бала құтқарылды

Түркістан облысында суару каналына құлап кеткен кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқыс оқиға Кентау қаласы, Қантағы ауылында орын алған. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"30.04.2022 жылы 19 сағат 47 минутта Кентау қаласы, Қантағы ауылы, Төреқұлов көшесінде 500 мм суару құбырына кәмелет жасқа толмаған баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бала құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқару жұмысына Түркістан облысы ТЖД күшімен 3 қызметкер және 1 бірлік техника шықты.
Құтқарушылар зардап шегушіні құбырға кіріп құтқарып жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Жағдайы орташа дәрігерлердің бақылауында.