Бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.
16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүние есігін ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тәуелсіздік күні, яғни, 16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келсе, соның 96-сы ұл бала және 94-і қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы. Ал, Түркістан қаласындағы №3 Облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген.
Айта кетейік, елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.