ТҮРКІСТАН: Толассыз жауын-шашын салдарынан үйлердің ауласына су кірген

0
644

Қыр беткейінде орналасқан канал арнасынан асып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Толассыз жауын-шашын салдарынан үйлердің ауласына су кірген

Түлкібаста жауын-шашын әсерінен бірнеше үйдің ауласына су кірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 20-нан 21-ші сәуірге қараған түні толассыз жауған жауын-шашын салдарынан Тастұмсық елдімекенінің қыр беткейінде орналасқан «Шоқаман» каналы арнасынан асып, аталған елдімекендегі Дүйсенбиев және Биболаев көшелеріндегі 8 үйдің ауласына су кірген.

Төтенше жағдайың бетін қайтару мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия бекітілген алгоритмге сәйкес дереу іс-қимыл жасап, қауіп бетін сейлтті.

Аудан әкімі Нұрлан Байғұт бастаған жұмысшы топ аталған аумақтағы үйлердің аумағында жиналған суды мотопомпа құрылғысы арқылы тазартып, ауыл үстінен өтетін канал бойындағы қауіпті аймақтарды арнайы техника күшімен күшейту жұмыстарын жүзеге асырды. Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарына 4 арнайы техника, 20-мотопомпа және 60 жуық мамандар жұмылдырылды.