ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды

0
490

Түркістан облысының Бас мемлекеттік дәрігерінің №19 Қаулысына сәйкес.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды

Төлеби ауданының мобильді топ мүшелері кәсіпкерлік нысандардың жұмысына бақылау жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының мобильді топ мүшелері Түркістан облысының Бас мемлекеттік дәрігерінің №19 Қаулысына сәйкес аудандағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысына бақылау жүргізді. Топ мүшелері Халыққа қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлік нысандарды, орталық базар, Қазпошта мекемесінде болып, қаулыны түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа қаулыға сәйкес, Түркістан облысы «жасыл» аймаққа енгенімен, карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерге келушілердің және қызметкерлердің «Жасыл мәртебесі» (вакцинасы немесе теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда демалыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарда бетперде кию, 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөнінде талаптар сақталады. «COVID-19»-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде короновируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуден шектеледі.


Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Алкогольді ішімдікті сатпайтын асханалар тәулік бойы қызмет көрсетеді. Театр, кинотеатр залдарын 50 пайыздан асырмай толтырып, жұмыс жүргізеді.


Ал, вакцина екпеген қызметкерлер ПТР тестіден 7 күнде 1 рет өтіп тұруы тиіс. Вакциналау – адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп, короновирусқа қарсы вакцинациядан өту тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.