ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында су электр станциясы жұмыс істейді

0
1 127

Шағын гидро электр станциясында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында су электр станциясы жұмыс істейді

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде шағын су электр станциясы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік маңызы бар жобаның қуаттылығы 2 500 кВт. Кәсіпорын бүгінгі таңда ауданның төрттен бір бөлігін электр қуатымен қамтып отыр. «АК-СУ КУАТ» ЖШС 1,2 млрд теңге қаражат жұмсаған жоба аудандағы Сайрамсу өзенің бойында орналасқан. Шағын гидро электр станциясында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Кеңес -1» Шағын су электр станциясының құрылысы 2015 жылы басталып, 2016 жылы аяқталды. Толық 2019 жылы іске қосылды. Су электр станциясы Сайрамсу өзенінен келетін ағын судың қысымын энергияға айналдырады. Су бекеті ғимаратының ішінде 1 250кВт энергия өндіретін 2 генераторы бар гидротурбиналар орнатылған. ГЭС-тің жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Гидротехникалық тізбек құрылыстарды қажетті су қысымын гидро-турбиналық қалақшаларына түсіріп, қолданыстағы генераторларға келіп электр энергиясын шығаруды қамтамасыз етеді. Сайрам су өзенінің ағысы қатты болғандықтан, электр станциясын ашу мақсатында Қасқасу өңірін таңдадық», - дейді мекеме басшысы Ермек Сарбасов.