Қариялар да аумақтың саяси өмірінен тыс қалмай, өз әкімдерін сайлауда.
Төлеби ауанында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округінің Алатау елді мекеніне қарасты №738 сайлау учаскесінде халық дауыс беруге белсенді ат салысып жатыр.Ауылдың қариялары аумақтың саяси өмірінен тыс қалмай өз әкімдерін сайлауда. Ауыл ақсақалы Нұрманов Тұрғынбек ауыл әкімін халық таңдауына мүмкіндік берген мемлекет басшысы саясатына ризашылығын білдірді.
«Жұрттың бәрі сайлауға келіп жатыр. Комиссия мүшелері келушілерді жылы қарсы алып, ережелерді барынша түсіндіріп жатыр. Үміткерлерге сәттілік тілеймін. Ең бастысы ынтымақ пен бірлігіміз берік болсын»,- деді ауыл ақсақалы Т.Нұрманов.
Сондай-ақ, Шатыртөбе елді мекенінің халқы да округ әкімін таңдау мүмкіндігінен тыс қалмауда. Ауыл тұрғыны Сұлтансейітов Мұхтархан ақсақал сайлаушылар тек ауылдың жағдайын көркейтетін, ел мүддесі үшін қызмет ететін азамат жеңсе деген үмітте екендігін жеткізді. Айта кетерлігі, Алатау сайлау учаскесінде 1393 сайлаушы бар.