ТҮРКІСТАН: Төлебиде ерекше балаларға арналған жаңа жылдық мереке өтті

0
101

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінуші 80 бала қатысты.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде ерекше балаларға арналған жаңа жылдық мереке өтті

Төлеби ауданында ерекше балаларға арналған жаңа жылдық мереке өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінуші 80 бала қатысты.


Жиынға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев қатысып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


Салтанатты жиында аудан әкімі ерекше балаларды қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтіп, қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.


Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Қамытбекұлының демеушілігімен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан ерекше балалар арасындағы «Сен талантсың, сен дарынсың» байқауының қорытындысы шығарылып, белсенді қатысушылар марапатталды.


Іс-шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік кеш Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен жалғасты.

Бөлісу