ТҮРКІСТАН: Төлебиде коммуналдық қызметтерге 16 жаңа техника табысталды

0
162

Жаңа техника – ауданның материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, жұмысшыларға да заманауи құралдармен қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде коммуналдық қызметтерге 16 жаңа техника табысталды

Төлеби ауданында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған 16 жаңа техника ресми түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған 16 жаңа техника ресми түрде пайдалануға берілді.


Салтанатты шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, сала мамандарына техника кілттерін табыстады. Аудан басшысы өз сөзінде еңбек адамдарын – жұмысшы мамандық иелерін ерекше атап өтіп, олардың ауданның көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қосып отырған үлесін жоғары бағалады.


Аудан басшысы жаңа техникалардың кілтін ауылдық округтердегі коммуналдық сала мамандарына табыстады. Жаңа техника – ауданның материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, жұмысшыларға да заманауи құралдармен қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.


Осы күні ауданда дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы барысында тұрғындар, коммуналдық қызметкерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бірігіп, көшелерді, қоғамдық орындарды және көше бойындағы қоқыстарды жинау жұмыстарын атқарды.


Мұндай ұжымдық іс-шаралар ауданның тазалығы мен әсемдігін арттыруға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды шара болып саналады.


Бұл шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы маңызды бастамалардың бірі және «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаттарын іске асырудағы нақты қадам ретінде бағаланады. Төлеби ауданының коммуналдық қызметтері жаңа техникамен жабдықталуы арқылы ауданның тазалығы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жандандыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу