ТҮРКІСТАН: Төлебиде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты кәсіпкерлермен кездесті

0
900

Төлеби ауданына Қайназаров ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Уалихан Анарбайұлы іссапармен барды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты кәсіпкерлермен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қайназаров Уалихан Анарбайұлы Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халық қалаулысы аудандық кәсіпкерлік мектебінің ғимаратында кәсіпкерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Өз сөзінде кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды, кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушылардан жұмыс барысында кездесіп жатқан түйіткілді мәселелері жөнінде сұрап, кейбір мемлекеттік бағдарламаларды өзгертуге немесе жаңадан енгізуге болатын ұсыныстарды айтуын сұрады.

Кәсіпкерлер тарапынан жұмыс барысында жұмыс күшінің аздығы, ауылшаруашылығындағы кейбір бағдарламаларды қайта қарап, өңдеулер енгізілсе, шағын шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігіп жұмыстар атқарылса деп өз ойларын жеткізді.

Айтылған мәселелерді мұқият тыңдаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты У.Қайназаров кәсіптерін дөңгелетіп жүрген азаматтардың өтініш-тілектерін тиісті орындарға жеткізетінін айтты.