ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

0
1 116

Есепте тұратын адамдармен жұмыс ұйымдастырылып, ақпараттық-насихаттау жұмыстары атқарылады.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Төлеби ауданында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы бірінші тоқсанға арналған жоспарына сәйкес және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында 2022 жылдың 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.


Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу. Сонымен қатар, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару және ерекше талап белгілеу. Одан бөлек, іс-шара аясында профилактикалық есепте тұратын адамдармен жұмыс ұйымдастырылып, ақпараттық-насихаттау жұмыстары атқарылады.