ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер қыз жасауын дайындап, безендірілген шамдар жасайды

0
679

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курсын аяқтаған.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер қыз жасауын дайындап, безендірілген шамдар жасайды

Төлеби ауданының тұрғыны қыз жасауын дайындап, безендірілген шамдар жасаумен айналысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы Төлеби ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 70 адам ие болып, өз кәсібін бастады.


Солардың бірі – Ленгір қаласының тұрғыны Аманқұлова Бақыткүл. Ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курсын аяқтаған. Грант қаражатына кәсіпке қажетті тігін машиналарын, материалдарды алып, ұлттық нақышта қыз жасауын дайындаумен айналысуда.


«Қолөнермен бұрыннан айналысып келемін. Былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында грант алдым. Қыз жасауынан бөлек қосымша безендірілген шамдар (светильник) жасаймын. Оларды туған күн және басқа мерекелерде сыйлыққа беруге тапсырыспен сатып алады. Қолөнер тігін ісін үйренгісі келетін қыздарды үйретемін»,- дейді Бақыткүл Таниқызы.