ТҮРКІСТАН: Тұқымбақтардағы көшеттер саны 50 млн-ға жеткізіледі

0
572

4000 гектарға жасыл желек егу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Тұқымбақтардағы көшеттер саны 50 млн-ға жеткізіледі

Түркістан облысында 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ормандарды сақтау және кеңейту бағытында Кешенді жоспарға сәйкес 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Жоспар сәйкес, 2021 жылы 14 619,4 га жерге 18,707 млн. ағаш көшеттері отырығызылса, 2022 жылы 16 940 га жерге 22 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.


Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеудің» жоспарланған 29 511 гектар жер көлемінің 13 629 гектары орындалды. Орман мекемелерінің тұқымбақтарында 30 млн. көшеттері өсірілуде. Алдағы уақытта көшет санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланған.


Сонымен бірге, Түркістан – Шәуілдір тас жолының екі жағына 50 шақырым жерді Жетікөл аумағымен біріктіре отырып, анықталған 4000 гектарға жасыл желек егу жоспарлануда.