ТҮРКІСТАН: Түлкібаста әлеуметтік тұрғын үй мен жер телімі мәселелері талқыланды

0
555

Әр мәселенің шешілу жолдары қарастырылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста әлеуметтік тұрғын үй мен жер телімі мәселелері талқыланды

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының әкімімен кездескен тұрғындар маңызды мәселелерді қозғап, өз сауалдарын жолдады. Атап өтсек, азаматтар мемлекет тарапынан әлеуметтік тұрғын үй алу мен жер телімін заңдастыру мәселелерін ортаға салған.


Ал, аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.