ТҮРКІСТАН: Түлкібаста бос қалған жерлерді өңдеу және сақтап қалу қолға алынып жатыр

0
663

Кооператив басшылары аудан әкімімен кездесті.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста бос қалған жерлерді өңдеу және сақтап қалу қолға алынып жатыр

Түлкібас ауданында бос қалған шаруашылық жерлерді өңдеу және оны сақтап қалу мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен бос қалған шаруашылық жерлерді өңдеу және оны сақтап қалу мәселелері бойынша жиын өтті. Жиында 2017 жылы құрамында Шұқырбұлақ, Майлыкент, Азаттлық, Кемербастау және тағы басқа ауыл тұрғындары бар «Қазақбай» ауылдық тұтыну кооперативінің мәселесі қаралды.


«Кооперативте бүгінгі күні 28 гектар жүзім алқабы мен 40 гектар алма бау бір орталыққа шоғырландыру жұмыстары жүргізілген. Мүшелеігінде 71 адам болған. Аталған кооператив шаруашылық мақсаттағы жерлерге каналдар жүргізген. Тек алқап пен бауды қоршау жұмыстары өз кезегін күтіп тұр. Ендігі мақсат кооператив мүшелерін жинай отырып, алдағы жұмыстарын атқару немесе тарату қажет», - деді кооператив басшылығы.


Сондай-ақ, осы мәселе бойынша сала мамандары өз пікірлерін білдіріп, жиынды аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы қорытындылады.


«Жеке шаруаларды біріктіріп, ауылдық тұтыну кооперативті құру арқылы мемлекеттік бағдарламаларды оңтайлы түрде пайдалануға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда кооператив құру қиын шаруа. Сондықтан, дайын тұрған кооперативті таратпай, алдағы жылға дейін сақтауға тиіспіз. Себебі, көршілес өңірлерде шаруалар бірігіп, кооператив құрып, жемісті жұмыс атқаруда. Осы мақсатта алдағы уақытта ауылдық тұтыну кооперативтеріне мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді аудандық ауылшаруашылық бөлімі зерделеп, көршілес өңірлердің тәжірибесін алып, жұмыс жасауымыз қажет. Сонымен қатар, әр шаруа өз бағыттары бойынша аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдері арқылы бизнес жоспарларын дайындап, қажетті құжаттар тізбесін ұсынуға қажет. «Қазақбай» ауылдық тұтыну кооперативін сақтап, мүшелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы атқарылатын жұмыстарын жүзеге асыру қажет», - деген әкім аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, тиісті жұмыстарды атқаруды міндеттеді.