Жаңа пункт 5000-ға жуық тұрғыны бар ауылдарға қызмет етеді.
Түлкібас ауданында 134-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Түлкібас ауданының Келтемашат ауылында ТЖМ ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өрт сөндіру пункттің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа пункт 4687 тұрғыны бар Келтемашат, Кершетас, Жиынбай, Қоғалы, Даубаба және Сеславино ауылдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


