ТҮРКІСТАН: Түлкібаста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шарттары түсіндірілді

0
1 009

Медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмек жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шарттары түсіндірілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тұрғындарға түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын.

Осыған орай бүгін, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев бастаған топ Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесіп Медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмек жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алғаш сөз кезегін алған Мұқан Кеңесбекұлының пікірінше, жүйе жүзеге асқан соң медициналық қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсарып, бәсекелестік артады, әр адам өзіне ұнаған дәрігерді немесе емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады.

"МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді. Сондай-ақ, кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енбеген сырқаттарға шалдыққан жағдайда стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық көмектер осы пакет шеңберінде көрсетіледі.Айта кетерлігі, еліміздегі кенжелеп қалған медициналық оңалту, қалпына келтіру көмектері жоғары тарифтермен кең ауқымда көрсетіледі.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер әлеуметтік медициналық сақтандырудың толыққанды қатысушылары бола отырып, сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, жұмысқа ресми түрде орналаспаған, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсетпейтін азаматтар дербес төлем жасаушылар санатына жатады, сондықтан МӘМС жүйесіне қатысу үшін олар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасауы қажет",
– деді, Асхат Бейсенбаев.

Түркістан облысы бойынша, биыл қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші медициналық ұйымдарға 76,8 млрд. теңге төленуде. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 9,1 % артық. Жалпы, медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген 74 медицина ұйымдарымен келісімшарт бекіткен болатын.Оның ішінде 34 жеке меншік клиника.Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті.

Егер қандай да бір медициналық ұйым қызмет көрсетуден бас тартса немесе қызмет сапасыз көрсетілсе, еліміздің әрбір тұрғыны 1406 байланыс орталығына хабарласа алады.