ТҮРКІСТАН: Түлкібастық кәсіпкер 70 оқушыны мектеп құралдарымен қамтамасыз етті

0
957

Заттардың жалпы құны 2 млн. 500 мың теңгені құрапты.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастық кәсіпкер 70 оқушыны мектеп құралдарымен қамтамасыз етті

Түлкібаста жеке кәсіпкер 70 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Түлкібас өңірінде игі бастама жүзеге асты. Өтегенов Азамат есімді жеке кәсіпкер Балықты, Арыс ауылдық округтері мен өзінің кіндік қаны тамған ауылы Қараағашты елді мекеніндегі мұқтаж және асыраушысынан айырылған отбасылар мен көпбалалы отбасындағы 70 балаға жалпы сомасы 2 млн. 500 мың теңгеге мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестірді.


Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 700-ге жуық оқушыға «Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіпкерлер, мекеме басшылары, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан демеушілік қолдау көрсетіліп отыр.