Бүгінде 27 кәріздік насос станциясы тұрақты жұмыс істеп тұр.
Түркістан қаласында кәріз жүйесін кезең-кезеңімен дамытуға ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында тұрғындарды орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, кәріз жүйесін кезең-кезеңімен дамытуға ерекше назар аударылып отыр.
Қазіргі таңда қала тұрғындарының 36,5 пайызы - 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Бүгінде 27 кәріздік насос станциясы тұрақты жұмыс істеп тұр.
Аталған көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 13 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 8 жоба абоненттік және магистральдық желілерді қамтыса, қалған 5 жоба тек магистральдық желілерді тартуға бағытталған.