​Түркістан туризмін дамытатын жаңа жобалар дайын

0
2 080

Мұражай концепциясы елбасы жолдауын жүзеге асыруға арналған.


​Түркістан туризмін дамытатын жаңа жобалар дайын

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Музей ұжымының ұйымдастыруымен өткен басқосуға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.д.Бекжігіт Сердәлі, С.Ерубаев атындағы музейдің меңгерушісі Ақсүмбе Бостанов, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков бастаған зиялы қауым өкілдері және қорық-музей қызметкерлері қатысты.

«Елбасымыз биылғы Жолдауында елімізді дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған тың бастамаларды ұсынған болатын. Соның ішінде, өздеріңізге белгілі туризм саласын жандандыру туралы да айтылды. Сондықтан Түркістан туризмін дамыту үшін жоспарлы бағытта жұмыс жасай береміз. Туристтерді Қ.А.Ясауи кесенесі мен оның маңындағы «Шығыс моншасы», «көне Күлтөбе қалашығы»,«Есім хан сағанасы» сынды тарихи жәдігерлерге зиярат етіп, саяхат жасауларына жағдай жасау үшін жаңа жобаларды іске асырмақпыз. Яғни, қорық-музейдің бес жылға арналған тұжырымдамасы жасалынды», - деді«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Мұражайдың 2018-2022 жылдарға арналған концепциясында өзге өңірлердегі мұражайлармен байланыс орнатып, онда келетін туристер мен қонақтарды Түркістан облысы аумағындағы тарихи орындармен таныстырубағытында жұмыс жасау көзделген.Жиынға қатысушылар шара соңында музейдің тұжырымдамасына оң баға беріп, Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда толайым табыстарға жете беруге тілектестік білдірді.