ТҮРКІСТАН: «Ұлттық мектеп лигасы» аудандарда жалғасын тапты

0
3 096

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған сайыс мектепішілік, аймақтық, аудандық болып спорттың 9 түрін қамтиды.


ТҮРКІСТАН: «Ұлттық мектеп лигасы»  аудандарда жалғасын тапты

Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев тапсырмасына сәйкес «Ұлттық мектеп лигасы» аудандарда жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданында оқушылар арасында волейболдан жарыс өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған сайыс мектепішілік, аймақтық, аудандық болып спорттың 9 түрін қамтиды. Ең бастысы спорттық додада қатысушылар арасында арақашықтық сақталып, барлық санитарлық талаптар орындалған.

Спорттық жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат - балалар мен жасөспірімдер спортын кеңінен насихаттап, дамыту. Мектеп жасындағы оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру.

Сайыс қорытындысымен, ұлдар арасында «Төрткүл» жалпы орта мектебінің оқушылары жеңіске жетті. 2 - орынды Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі, 3 орынды А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектептері иеленді.

Ал, қыздар арасында 1 орынды Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебі, 2 орынды Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі, 3 орынды Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары ұтып алды.

Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушылар диплом мен медальдармен марапатталды.