16-50 жас аралығындағы 113 үміткер қатысты.
Түркістан облысында өткен «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – әл-Фараби» онлайн эссе байқауы мәресіне жетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Рухани жаңғыру» кеңсесі ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында облыстық «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – әл-Фараби» атты онлайн эссе байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты - «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын облыстық деңгейде өткізу. Сондай-ақ, әйгілі ойшыл әл-Фарабидің ғұмыры мен ғылымын кеңінен насихаттау, үздік эссе жазушыларды анықтау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
Желтоқсан айының 3-не басталып 14-желтоқсанда аяқталған байқауға облыс көлемінде 16-50 жас аралығындағы 113 үміткер қатысты. Байқаудың шарттарына сәйкес, қатысушылар өз әлеуметтік желі парақшасында «әлфарабиэссебайқауруханижаңғыру» хештегімен пост салып, эссе жұмыстарын электронды поштаға жолдады.
Байқау қорытындысының нәтижесінде жүлделі 3-орынды Түркістан қаласынан қатысқан Супабекова Рано Алиқызы, Бәйдібек ауданынан Төленова Маржан Болатқызы мен Болатбекұлы Мағжан еншіледі. Ал 2-орынды Қазығұрт ауданынан қатысқан Құлмашева Эльвира, мақтааралдық Әбілдахан Әбубәкірова мен Сауле Нұрбергенқызы алса, жүлделі 1-орынды Кентау қаласынан қатысқан Қарамендеева Мәдина Бағдатқызы иеленді.
Барлық жеңімпаздарға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының арнайы дипломы мен жүлделері табысталды.