ТҮРКІСТАН: Ұлы Жібек жолы бойымен түйелер керуені жүретін болады

0
3 812

Түркістан қаласының ішкі туризмін дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев қолдауымен «Түйелер керуені» ұйымдастырылды. Ақсақалдардың батасымен Түркістан қаласының алғашқы орны, көне қаласы Шауғар-Шойтөбеден бастау алған керуен Түркістан қаласына жол тартты.


ТҮРКІСТАН: Ұлы Жібек жолы бойымен түйелер керуені жүретін болады

Түркістанның көне қаласы Шауғар-Шойтөбеден бастау алған керуен Түркістан қаласына жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласының ішкі туризмін дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев қолдауымен «Түйелер керуені» ұйымдастырылды. Ақсақалдардың батасымен Түркістан қаласының алғашқы орны, көне қаласы Шауғар-Шойтөбеден бастау алған керуен Түркістан қаласына жол тартты. 7-8 шақырымды жолды бірнеше түйе, екі жылқы, бір есек жүріп өтіп, Х.А.Яссауи кесенесіне келіп тоқтады.

Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасалатын болады. Түркістан қаласының ішкі туризмін ғана емес келетін шетелдік туристерге де сапалы қызмет көрсету көзделуде. Осы мақсатта лайықты қызмет көрсету үшін мінуге арналған түйелер дайындалуда. Тапсырысқа байланысты Ұлы Жібек жолы бойында орналақан көне қалалар бойымен жүріп өту жоспалануда.

«Алдағы уақытта керуеннің тапсырысы шеңберінде жолшыбай қойшының үйіне тоқтайтын боламыз. Қойшының үйінде түнеп, қазақтың салт - дәстүрлері, рәсімдері мен жөн – жоралғылары насихатталады. Онда апаларымыз жүн түтетіп, тапаға нан жауып, бауырсақтар пісіріледі. Сондай-ақ қойдың, сиырдың сүттерінен жасалатын өнімдердің бәрін көрсетеміз»,- дейді ұйымдастырушы Ерлан Сыздық.

Сонымен қатар, алдағы жоспарда керуеннің жолында қарақшылар шабуылдайды, аталған керуенді қазақ батыры құтқартын болады. Құтқарған батырдың үйіне барып, ондағы батырға тән дүниелер көрсетіліп, садақ ату үйретіледі. Сөйтіп Түркістанға кірерде керуеншілерді дәруіштер күтіп алып кесенеге кіргізілетін болады.