Түркістан облысында Ұлыстың Ұлы күні "Қош келдің, Әз Наурыз!" атаумен 9 күн тойланады деп жоспарланып отыр.
фото: dalanews.kz
Түркістанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар 14-ші наруыз күні басталады - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірхан баяндады.
Атап айтқанда, 14 наурыз - «Көрісу күні", 15 наурыз - «Тағзым күні» болып жарияланып отыр. Онда музейлер мен кітапханаларда көптеген мәдени іс - шаралар өткізілетін болады. Ал, сенбі тазалық күні болып бекітілген. Бұл күні облыстық жаппай сенбілік ұйымдастырылады. Жексенбі "Көктем шуағы күні", дүйсенбі "Көктем өрнектер күні", сейсенбі "Балалар күні", сәрсенбі "Бірлік күні" болып аталып өтеді.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі 21 наурызда Түркістан қаласында өтетін болады. Аталған мереке күні "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты театрландырылған мерекелік шара көпшілік назарына ұсынылып, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері, шеберлік сағаттары, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Кешкісін қала тұрғындарын мерекелік гала-концертті тамашалайтын болады.