ТҮРКІСТАН: Жалпы құны 43 млрд теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске асырылып жатыр

0
63

Заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.


ТҮРКІСТАН: Жалпы құны 43 млрд теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске асырылып жатыр

Түркістан облысында ет кластерін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында ет кластерін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Өңірде жалпы құны 43 млрд теңгені құрайтын 5 ірі жоба қолға алынып, кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

Бұл бастамалар ет өндірісінің көлемін арттырып қана қоймай, экспорт әлеуетін де күшейтуге мүмкіндік беруде. Бүгінде өңірде өндірілген өнімдерге сыртқы нарықтан сұраныс артып, экспорт көлемі ұлғаюда. Заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беріп отыр.

Түркістанда ет кластерін дамыту – өңір экономикасын нығайтып, агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Бөлісу