ТҮРКІСТАН: Жаңа көпқабатты үйлер инфрақұрылыммен толық қамтылуда

0
965

Түркістан қаласында 40 отбасы баспаналы болды.


ТҮРКІСТАН: Жаңа көпқабатты үйлер инфрақұрылыммен толық қамтылуда

Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер санымен республика бойынша 2-орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында қолданысқа берілетін көпқабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылымы толықтай іске қосылған. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әрленген. Бұл мәселені жіті бақылауында ұстайтын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, пайдалануға берілетін баспаналарды көріп шықты.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 40 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін баспана кезегінде тұрған жалпы 610 түркістандыққа пәтер кілттері беріледі. Олардың барлығы – көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасылар. Оның ішінде 470 көпбалалы отбасы мен 140 әлсіз топтағы азаматтар қоныс тойын тойлайды.


Атап өтсек, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 800-ге жуық пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 200-ге жуық пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы несие жүйесімен сатылымға қойылды. Бүгінде мұнда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Талапқа сай жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынған.


Облыс әкімі сондай-ақ әкімшілік-іскерлік орталықтың маңында бой көтерген сауда ойын-сауық орталығының құрылыс алаңында болды. 3 қабатты жаңа нысанның сыртқы қасбеті қапталып, айналасын абаттандыру жұмыстары басталып кеткен. Су, электр жүйелерін тарту жұмыстары аяқталды. Құрылыс басында 60 адам жұмыс істеп жатыр.