ТҮРКІСТАН: Жас сатириктер есеп беру кешін өткізді

0
693

Жастарды да бұл өнерге баулудың маңызы зор.


ТҮРКІСТАН: Жас сатириктер есеп беру кешін өткізді

"Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубында "Әзілің жарасса" атты есеп кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубындағы "Сатира өнері" үйірмесі "Әзілің жарасса" атты тақырыппен есеп беру кешін өткізді.


Іс-шара барысында үйірме білімгерлері ән мен биден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, әзілге толы қойылымдары арқылы сатира өнерін жоғары дәрежеде меңгеріп келе жатқандықтарын аңғартты.


Сатира - қоғамдағы түрлі мәселелерді де әзіл-қалжың арқылы жеткізуге, жаңа достар тауып, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін өнер. Сол себепті, жастарды да бұл өнерге баулудың маңызы зор.