ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыс біріншілігі басталды

0
811

Әр ауданнан келген 400-ден аса жасөспірім бақтарын сынауда.


ТҮРКІСТАН: Жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыс біріншілігі басталды

Келес ауданында жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыс біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен еркін күрестен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Сайысқа облыс аумағындағы аудандардан келген 400-ден аса жасөспірімдер бақтарын сынауда.


Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жолдықараев Қанат Жарылқапұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы, Келес ауданы мәслихатының депутаттары және спорт ардагерлері қатысты.


«Бұл бәсеке арқылы ауыл жастарының спортқа деген ынтасын арттыруды көздеп отырмыз», - дейді ұйымдастырушылар.


Айта кетсек, тартысты бәсеке 4 күнге жалғасады. Жергілікті мамандар өңіріміздің палуандары жүлделі орындар үшін барын салатынына сеніп отыр.Аталмыш жарыста оқ бойы озық шыққандар арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.