ТҮРКІСТАН: Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары күшейтілді

0
457

Ауа райының ерекшелігіне орай, кей аймақтарда қосымша суғару жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары күшейтілді

Түркістанда жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ауа-райының күрт ысып, температураның жоғарылуының себебінен облыс орталығындағы жасыл желектерді күтіп-баптау жұмысы күшейтіліп, қатаң бақылауға алынды.


Бүгінгі таңда суғару жүйелері кешкі және түнгі мезгілдерге ауыстырылды. Арнайы кезекшілік бекітілді. Ауа райының ерекшелігіне орай, кей аймақтарда қосымша суғару жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Күнделікті суғару жұмыстарына 30-ға жуық техника мен 200 қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар қала аумағындағы ирригациялық жүйелер мен Арыс-Түркістан су арнасы арқылы да ағаштар суғарылуда.


Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, әсіресе, туристік аймақтардағы, мәдени-рухани орталықтағы жасыл алаңдарды шіліңгір ыстықтан сақтауға күш салу қажеттігін ескертіп, жауаптыларға өсімдіктерді қосымша тыңайтқыштармен баптауды тапсырды.


Қаланың климаттық ерекшелігіне орай, жасыл желектер кешкі 19:00-дан таңғы 10:00-ға дейін суғарылады. Жұмыстың үздіксіз атқарылуы арнайы құрылған жұмысшы топтың бақылауында.


Айта кетейік, Түркістан қаласында 626 гектар аумақты алып жатқан жасыл желекті 258 нысан күтіп-баптау жұмыстарымен қамтамасыз етілген. 32 саябақ (318 га); 32 сквераллеялар (59 га) бар. Облыс орталығындағы көгалды аймақ бүгінде 262 гектарға, жыл сайынғы көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде егілген ағаш саны 925 704 данаға жетті. Гүлді аймақтар 8 гектарды құрайды.