ТҮРКІСТАН: Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
995

29 шілде күні жас жазушы Аягүл Мантай қайтыс болған еді.


ТҮРКІСТАН: Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облыстық полиция департаменті жазушы Аягүл Мантайдың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жас жазушының өз-өзіне қол салу оқиғасы Жетісай аудандық полиция бөлімшесінде тіркелген. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


«Полицейлер қажетті іс-шараларды атқаруда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», - делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.